Todayinfo.kz
МирСмотреть все материалы

Заңсыз жұмыс істеген: Хостелде шыққан өрттен 5 адам қаза тапты

Благовещенск қаласындағы заңсыз жұмыс істеген жеке хостелде өрт болып, 5 адам көз жұмды, тағы 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.  Өрт шыққан ғимаратта дабыл жүйесі болмаған. SHOT мәліметінше, өрт түнде Чайковский көшесіндегі ғимаратта басталған. А

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения

Өрт шыққан ғимаратта дабыл жүйесі болмаған. SHOT мәліметінше, өрт түнде Чайковский көшесіндегі ғимаратта басталған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарының ақаулығы себеп болған. Тілсіз жаудан үш ер адам мен екі әйел түтінге тұншығып, қаза тапты.

Заңсыз жұмыс істеген «қонақ үйдің» иесі қамауға алынды. Тергеу барысында бұл ғимарат бұрын жергілікті сіріңке зауытының асханасы болғаны анықталды. Алайда оның арзан хостел ретінде пайдаланылып жүргенін бақылаушы органдар білмеген. Қазір полиция мен прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, қылмыстық іс қозғады.

Похожие материалы

Заңсыз жұмыс істеген: Хостелде шыққан өрттен 5 адам қаза тапты · Todayinfo