Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Хромтауда джип мінген зейнеткер мен немересі суға батып кетті

Ақтөбе облысында 66 жастағы зейнеткер немересімен бірге суға кетті, деп хабарлайды Todayinfo . Қайғылы оқиға Хромтау ауданында болған. 25 маусым күні шұғыл желіге 1959 жылы туған зейнеткер мен оның кәмелетке толмаған немересі Кұдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыр ау

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Хромтауда джип мінген зейнеткер мен немересі суға батып кетті

Ақтөбе облысында 66 жастағы зейнеткер немересімен бірге суға кетті, деп хабарлайды Todayinfo.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында болған. 25 маусым күні шұғыл желіге 1959 жылы туған зейнеткер мен оның кәмелетке толмаған немересі Кұдықсай ауылынан Toyota Hilux автокөлігімен Бозжыр аумағына қарай шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар түскен. Құтқарушылар бірден іздестіру шараларына кіріскен.

Келесі күні кешкі сағат 19:30 шамасында Кұдықсай ауылы маңындағы Ор өзенінің арнасын қарау кезінде автокөлік табылды.

"Сүңгуірлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 2,5 метр тереңдіктен, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесі, сондай-ақ көлік пен ер адамның денесі судан шығарылды", – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құтқарушылар су айдындарының маңында және қиын қолжетімді жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Ал төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керек.

Фото: freepik

Похожие материалы

Хромтауда джип мінген зейнеткер мен немересі суға батып кетті · Todayinfo