Иранда 19 жастағы жас балуан көпшіліктің алдында дарға асылды
Иран жасөспірімдер құрамасының мүшесі 19 жастағы танымал балуан Салех Мохаммадиді көпшілік алдында дарға асты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Иран билігі Мохаммадиді наразылық акциялары кезінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деп айыптады. Сот органдары оның

Иран жасөспірімдер құрамасының мүшесі 19 жастағы танымал балуан Салех Мохаммадиді көпшілік алдында дарға асты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Иран билігі Мохаммадиді наразылық акциялары кезінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деп айыптады.
Сот органдары оның әрекетін "Израиль мен АҚШ мүддесіне қарсы іс-әрекет" деп бағалап, аса ауыр қылмыс деп танып, өлім жазасын тағайындады.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, сот арыздарды қараусыз қалдырып, тиісті тергеу жүргізбеген және процесс өте жедел өткен.
Сонымен қатар, бапкерлер мен командаластары Мохаммадидің қозғалыс кезінде әкесінің үйінде болғанын айтқан. Алайда тергеу бұл деректі ескермеген.
Бұдан өзге 19 наурызда сот үкімі бойынша жас балуаннан бөлек тағы екі адам Мехди Гасеми мен Саид Давуди қоғам алдында дарға асылды.
Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар соттың әділ өтпегенін, Мохаммадидің өз құқықтарын пайдалануға мүмкіндік берілмегенін және мәжбүрлі мойындатулар болған болуы мүмкін екенін айтып, жарыса жазуда.
Айта кетейік, Салех Мохаммади 2024 жылдың қыркүйегінде Красноярскіде өткен Бувайсар Сайтиев турнирінде қола медаль жеңіп алған еді. Осыдан кейін оны 19 жасқа дейінгі Иран ұлттық құрамасына ресми түрде шақырды. Ол Ирандағы болашағы зор жас балуандардың бірі еді.
Похожие материалы

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·