Шығыстанушы Ислам Жеменей Qalam.global жобасына берген сұхбатында Иранда тұрып жатқан қазақтар жайлы айтты,деп хабарлайды Todayinfo.
«Иранда 6 қазақ ауылы бар, 3 қалада қазақтар тұрады. Бұрын 6 ауыл еді. 1995 жылы үш ауыл босап, туу өсімінің арқасында қайта қалпына келді. Адам саны 5-8 мыңға дейін жетеді»,- дейді шығыстанушы.
Оның айтуынша, білім алған қазақтар Тегеранда, оңтүстік қалаларда мамандығы бойынша еңбек етеді.
«1988-90 жылдарға дейін бізде ақсақалдық институт болды. Соңғы ақсақал дүние салған соң, институт жабылды. Адамдар өздері ақсақалды таңдап алатын еді. Бұл қоғамдық белсенділікке де байланысты болды»,- дейді Ислам Жеменей.
Ислам Жеменей – Иранда туып-өскен қазақ шығыстанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1952 жылы 1 қыркүйекте Иран Республикасының Горган қаласында дүниеге келіп, кейін Қазақстанға келіп қызмет еткен.




