Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ол Shanghai Overseas Chinese Commercial Center әйгілі қытай компаниясы бас директорының орынбасары Габриэль Рэй Чих Ле Мередитпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар құрылыс саласындағы с

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ол Shanghai Overseas Chinese Commercial Center әйгілі қытай компаниясы бас директорының орынбасары Габриэль Рэй Чих Ле Мередитпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар құрылыс саласындағы серіктестік болашағын талқылап, ниеттестік жөніндегі алдын ала келісімге қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Shanghai Overseas Chinese Commercial Center өкілдері Алматыда құрылыс жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және мәдени байланысты нығайтудың, сондай-ақ тұрақты қалалық серіктестікті дамытудың маңызын жеткізді.
Айта кетейік, Shanghai Overseas Chinese Commercial Center – халықаралық жобаларды қолдауға және іскерлік бастамаларды дамытуға бағытталған кең ауқымды коммерциялық, инвестициялық және консалтингтік қызмет көрсететін ірі іскерлік кешен.
Похожие материалы

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·