Ирландияға бет алған Зеленскийдің ұшағын белгісіз «әскери үлгідегі» дрондар аңдыған
Фото: oxu.az Төрт белгісіз дрон Украина президенті Владимир Зеленский мінген ұшақтың бағытына қарай ұшып, ұшуға салынған тыйымды бұзған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға 1 желтоқсан күні кешке, Украина президенті Ирландияға ұшып бара жатқанда болған. The

Фото: oxu.az
Төрт белгісіз дрон Украина президенті Владимир Зеленский мінген ұшақтың бағытына қарай ұшып, ұшуға салынған тыйымды бұзған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 1 желтоқсан күні кешке, Украина президенті Ирландияға ұшып бара жатқанда болған.
The Journal дереккөздерінің мәліметінше, “әскери үлгідегі” төрт дрон шамамен сағат 23:00-де Зеленскийдің борты ұшуы тиіс болған Дублин әуежайы маңына дейін жеткен. Алайда ұшақ кестеден бұрын қонғандықтан, дрондармен бетпе-бет келмеген. Одан кейін дрондар Дублин маңына жасырын түрде орналастырылған Ирландияның әскери кемесі тұрған бағытқа қарай ұшыпкекен. Ал Ирландия қарулы күштері дрондарды атып түсірмеген.
Арнайы қызметтің мәліметінше, дрондар Дублиннің солтүстік-шығысынан ұшырылған және ауада екі сағатқа дейін жүрген. Оларды кім, қандай мақсатта жібергені, қазіргі орналасқан жері белгісіз.
Басылымның жазуынша, «Ирландия қауіпсіздік қызметі дрондардың үлкен, өте қымбат әрі әскери мақсатқа арналған құрылғылар екенін, ал оқиғаны гибридтік шабуыл деп қарастыруға болатынын» анықтаған.
The Journal мәліметінше, оқиғадан кейін 2 желтоқсан күні Ирландияның жоғары басшылығы шұғыл жиын өткізген. Ал Зеленский мінген ұшақ дрондармен байланысты тәуекелді азайту үшін Дублиннен арнайы қауіпсіздік шараларымен қайта ұшып шыққан.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·