Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ішінде бала болған»: Астанадағы көпқабатты үйде лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тоғызыншы қабаттан лифт құлады. Лифт ішінде болған қыз бала жарақат алып, қатты қорқып қалған, деп хабарлайды todayinfo.kz Оқиға 13 тамызда Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайындағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған. «Лифт 9-қабаттан құл

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Ішінде бала болған»: Астанадағы көпқабатты үйде лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тоғызыншы қабаттан лифт құлады. Лифт ішінде болған қыз бала жарақат алып, қатты қорқып қалған, деп хабарлайды todayinfo.kz Оқиға 13 тамызда Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайындағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған.
«Лифт 9-қабаттан құлап түсті, ішінде қыз бала болды. Қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алды. Лифттердегі мәселе көптен бері жалғасып келеді, бірақ оларды ауыстыруға әлі қол жеткізе алмай отырмыз», – деді тұрғын үй кешенінің тұрғындары.
Барлық бейінді мамандардың қатысуымен амбулаториялық деңгейде тексеру жүргізілді.
«Ауыр жарақаттар болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ. Бала амбулаториялық емдеуге жіберілді. Әрі қарай ем жүргізу тұрғылықты жері бойынша жалғасады», – деді Астананың Денсаулық сақтау басқармасы.

Похожие материалы

«Ішінде бала болған»: Астанадағы көпқабатты үйде лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті · Todayinfo