Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Кәріз құбырын ауыстырмақ болған екі жұмысшы тірілей топырақ астында қалып қаза тапты

Қарағандыда қайғылы жағдай орын алды. Шахтеров даңғылында канализация құбырын ауыстыру барысында кенеттен топырақ опырылып, екі жұмысшы жер астында қалып қойған. Құтқарушылар үлгермей, олар тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде арнай

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Кәріз құбырын ауыстырмақ болған екі жұмысшы тірілей топырақ астында қалып қаза тапты
Қарағандыда қайғылы жағдай орын алды. Шахтеров даңғылында канализация құбырын ауыстыру барысында кенеттен топырақ опырылып, екі жұмысшы жер астында қалып қойған. Құтқарушылар үлгермей, олар тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде арнайы техника қауіпсіздік шараларын толық сақтамаған. Жұмысшыларға қажетті қорғаныс құралдары берілмей, қазылған ор шегенделмеген. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі жұрттың ашуын тудырды. Қарағанды тұрғындары комментарийлерде билікке ашу-ызасын білдірді: «Жас жігіттер жұмыс үстінде қаза тауып жатыр. Қайда техника қауіпсіздігі?» «Әкімдік пен мердігерлер жауап берсін! Бұл – немқұрайдылықтың кесірі» «Билік өкілдері қасқайып қарап тұр, ал адамдар көз жұмып жатыр», - деп жазды олар. Полиция бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. ҚК 277-бабы, 3-бөлімі бойынша («Қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелу») айып тағылды. Бұл бап бойынша кінәлілер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Фото: скрин

Похожие материалы

Кәріз құбырын ауыстырмақ болған екі жұмысшы тірілей топырақ астында қалып қаза тапты · Todayinfo