Камчаткада апатқа ұшыраған тікұшақта Футбол одағының қаржы директоры болған
Камчаткадағы Вачкажец жанартауындағы алаңнан Николаевка ауылына ұшқан "Витязь-Аэро" авиакомпаниясының тікұшағы 31 тамызда таңертең жоғалып кетті. Оның бортында 22 адам болды: үш экипаж мүшесі және 19 жолаушы, деп хабарлады Росавиация. РБК дереккөздерінің хабарлауынша, олардың ара

Камчаткадағы Вачкажец жанартауындағы алаңнан Николаевка ауылына ұшқан "Витязь-Аэро" авиакомпаниясының тікұшағы 31 тамызда таңертең жоғалып кетті. Оның бортында 22 адам болды: үш экипаж мүшесі және 19 жолаушы, деп хабарлады Росавиация.
РБК дереккөздерінің хабарлауынша, олардың арасында Ресей футбол одағының (РФС) қаржы директоры Арсений Замятин мен оның әйелі болған. Кейінірек ұйым мұны растады.
Іздеу жұмысытары тікұшақ жоғалған күні басталды: оған жаяу іздеу топтары мен техникалар тартылды. Билік ауа райы қолайсызды – тұман, жаңбыр және қатты жел тұрғаны туралы хабарлады.
Тікұшақты іздеу түнде де жалғасты, 1 қыркүйек күні таңертең оның сынықтары табылды. Олар тікұшақ экипажы соңғы рет байланысқа шыққан жерден 900 м биіктікте орналасқан, деп хабарлады ТЖМ. Әуе техникасы құлаған Вачкажец жанартауы теңіз деңгейінен 1556 м биіктікте.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·