Кәсіпкердің өліміне күдікті: әнші Динара Қырықбаеваның тағы бір ағасы Таразда ұсталды
Таразда ағайынды Қырықбаевтардың бірі – кәсіпкер әрі меценат Алмас Қырықбаев ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Казачков өзінің Telegram арнасында хабарлады. Оның жазуынша, құзырлы органдар Алмас Қырықбаевтың 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймаковтың жұмбақ өліміне қатысы бар-жоғын

Таразда ағайынды Қырықбаевтардың бірі – кәсіпкер әрі меценат Алмас Қырықбаев ұсталды.
Бұл туралы журналист Михаил Казачков өзінің Telegram арнасында хабарлады.
Оның жазуынша, құзырлы органдар Алмас Қырықбаевтың 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймаковтың жұмбақ өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Марқұмның денесі жуырда Тараз қаласынан табылған.
БАҚ мәліметінше, Қырықбаевтар әулетінің аты қылмыстық ортада бұрыннан белгілі.
Еске салсақ, 2023 жылы Алмас Қырықбаев Шымкентте ұсталған болатын. Оған 2007 жылы жергілікті компания директорынан 10 мың доллар бопсалады деген айып тағылған.
Алайда ол полициядан бой тасалап, кейін аты-жөнін Мадияр Өскінбаев деп өзгертіп, Біріккен Араб Әмірліктеріне кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
Кейін ұсталғаннан соң оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Фото: kozachkovoffside
Похожие материалы

Новости
Қазақстан Safest Countries for Investors 2026 рейтингіндегі өз айқындамасын жақсартты
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Казахстан улучшил позиции в рейтинге Safest Countries for Investors 2026
Жаннұр Еділбаева·

Новости
КТК временно прекратил прием нефти из Казахстана после атак дронов на танкеры у Новороссийска
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін түсіндірді
Айғаным Нариманова·