Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды. Бұл туралы компания басшысы Михаил Ломтадзе таныстырылым барысында хабарлады. Жүйені алғаш болып әйгілі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов сынап көрді, деп хабарлайды Todayinfo . – Біз бә

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз  алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

Kaspi интернетке қосылмай-ақ төлем жасауға мүмкіндік беретін жаңа технологияны таныстырды. Бұл туралы компания басшысы Михаил Ломтадзе таныстырылым барысында хабарлады. Жүйені алғаш болып әйгілі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов сынап көрді, деп хабарлайды Todayinfo.

– Біз бәріміз де интернет жоқ кезде төлем жасау қажет болатын жағдайларға тап болғанбыз. Енді ондай сәттер артта қалды. Барлығы бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы орындалады. Болашақ – сіздің қолыңызда, – деді Ломтадзе.

Таныстырылым кезінде ол Шавкатты Kaspi ID арқылы жүйеге қосып, алғашқы болып сауда жасауды ұсынды. Тауардың бағасы символдық түрде 42 мың теңгеден 99 теңгеге дейін төмендетілді.

– Kaspi ID әрдайым қаражатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қосымша арқылы растап, төлем жасауға болады. Енді тек бір қимылмен төлем жасайтын мүмкіндік бар, – деді Ломтадзе.  

Kaspi өкілдері жаңа қызмет қазақстандықтар үшін төлем жасаудың бұрын-соңды болмаған ыңғайлы әрі сенімді тәсілі болатынын айтты.

Похожие материалы

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды · Todayinfo