«Кеудемсоқ спортшы»: Павлодар облысында Олимпиада жүлдегері төрт жылға сотталмақ
Павлодарда еркін күрестен танымал қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Спортшы Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған патрульге шабуыл жасады деген күдікпен тергеу изоляторына

Павлодарда еркін күрестен танымал қазақстандық балуан, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Спортшы Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған патрульге шабуыл жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалған, деп хабарлайды Todayinfo Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодардағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта сот жарыссөзі өтті. Атақты балуанға Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы – «Екі немесе одан да көп адамға қатысты билік өкіліне күш қолдану» бойынша айып тағылып отыр.
Іс материалдарына сәйкес, биыл қыркүйек айында кешкі сағат тоғыздар шамасында Ұлттық ұланның үш әскери қызметшісінен құралған патруль Шабанбайды қалалық дәмханалардың бірінің маңында тоқтатқан. Бұған азаматтардың шағымы себеп болған. Мәліметке сәйкес, мас күйде болған спортшы шу шығарып, өзін агрессивті ұстаған.
Патрульдің сұрақтары мен ескертулеріне ол балағат сөздермен жауап беріп, кейін бір әскери қызметшіні итеріп жіберген, наряд басшысын иығынан теуіп, бет тұсынан ұрған, ал үшіншісінің көзіне соққы тиген. Көмекке келген өзге патрульдер күдіктіні жерге жығып, қолына кісен салған.
Фото: olympic.kz
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·