Көкшетауда 59 адамнан 136,5 миллион теңге жымқырған S-Group қаржы пирамидасын ұйымдастырған үш адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Айыпталушылар салымшыларды «медициналық каннабис» және басқа да күмәнді жобаларға инвестиция салса, мол табысқа кенеледі деп сендірген. Нәтижесінде олар 6 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын алды.
Тергеу барысында сотталғандардың бұрын шулы болған Life Is Good және Finiko сияқты пирамидаларға қатысы бар тәжірибелі алаяқтар екені анықталды. Олар алданған адамдардың ақшасына Астанадан пәтерлер мен көлік тұрақтарын сатып алып үлгерген.
Сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін қылмыскерлердің жылжымайтын мүлкін, көліктері мен жер телімін тәркілеуге шешім шығарды. Сонымен қатар, айыпталушылардың біріне жазасын өтеу бір жылға кейінге шегерілді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден




