Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Көлігімнің нөмірін әкем базадан жасырып қойған - алматылық қыз мақтанам деп назарға түсті

Алматыда 18 жастағы қыз өзінің қымбат көлігін полицияның тесеруге күші жетпейтінін айтып мақтанды, деп хабарлайды Todayinfo. «Мені жол полициясы тоқтатқанда, «Менің мемлекеттік нөмірімді планшетке енгізіп тексеріп көріңіздер, әкем оны базадан жасырып қойған деп айтамын», – дейді

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Көлігімнің нөмірін әкем базадан жасырып қойған - алматылық қыз мақтанам деп назарға түсті
Алматыда 18 жастағы қыз өзінің қымбат көлігін полицияның тесеруге күші жетпейтінін айтып мақтанды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мені жол полициясы тоқтатқанда, «Менің мемлекеттік нөмірімді планшетке енгізіп тексеріп көріңіздер, әкем оны базадан жасырып қойған деп айтамын», – дейді алматылық қыз TikTok-тағы жазбасында.
Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында оның жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтаған.
«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында «Лексус» жүргізушісінің ЖҚЕ бұзғаны анықталды. Аталған дерекке байланысты тексеру басталды. Жүргізуші - 2006 жылы туған М. есімді азамат екендігі белгілі болды. «В» санатындағы жүргізуші куәлігі бар. Оның жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады», - делінген хабарламада.

Похожие материалы

Көлігімнің нөмірін әкем базадан жасырып қойған - алматылық қыз мақтанам деп назарға түсті · Todayinfo