Көзімді ашқанда айнала толы өліктер жатты — ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз жігіт
Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған адам 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Ұшақ салонының алдыңғы жағындағы 11A орнында отырған ол Үндістанға туыстарымен көрісу үшін барған екен, деп хабарлайды Todayinfo . Рамештің айтуынша, ұшып шыққаннан кейін қатты д

Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған адам 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Ұшақ салонының алдыңғы жағындағы 11A орнында отырған ол Үндістанға туыстарымен көрісу үшін барған екен, деп хабарлайды Todayinfo.
Рамештің айтуынша, ұшып шыққаннан кейін қатты дыбыс естілген, содан кейін ұшақ бірден құлай бастаған. Апаттан кейін есін жиғанда, айналасында жолаушылардың денелері жатқан. Өзі үйінді астынан шығып, жедел жәрдем көлігіне жеткен. Қол- аяғы, көзі жарақаттанған ол қазір ауруханада жатыр.
Еске салайық, бүгін Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшағы, әуеге көтерілгеннен кейіе 30 секунд өткен соң апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 242 адам болған, олардың қатарында 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық азамат болған. Рамештен басқа барлық жолаушылар қаза тапты.
Похожие материалы

Новости
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·