Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Конкурсқа қатысу ақылы»: қалталы қыздар мен танымал блогерлерді жағалаған Баян Мақсатқызы сынға қалды

TikTok қолданушысы танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастыратын «Мисс Қазақстан» жобасына қатысты өз пікірін білдіріп, бұл байқауға тек блогерлер мен бизнес саласындағы әйелдердің қатысуына наразылығын жеткізді, деп хабарлады  Todayinfo.KZ . «Неліктен Баян Мақсатқызы «Мис

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Конкурсқа қатысу ақылы»: қалталы қыздар мен танымал блогерлерді жағалаған Баян Мақсатқызы сынға қалды
TikTok қолданушысы танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұйымдастыратын «Мисс Қазақстан» жобасына қатысты өз пікірін білдіріп, бұл байқауға тек блогерлер мен бизнес саласындағы әйелдердің қатысуына наразылығын жеткізді, деп хабарлады Todayinfo.KZ .

«Неліктен Баян Мақсатқызы «Мисс Қазақстан» жобасына тек блогерлер мен бизнесмен әйелдерді қатыстырады? Ол онсыз да танымал емес пе? Өзімнің 1.80 метр бойыммен барлық талаптарға сай келемін деп ойладым. Бірақ бірінші кезекте әлеуметтік желіде жазылушыларың болуы керек екен. Одан бөлек, қатысу үшін ақша төлеу де талап етіледі», — деп жазды TikTok қолданушысы.

Аталған қолданушының айтуынша, мұндай жобалар ел ішінде жаңа жұлдыздарды танытуы тиіс.

«Мисс Қазақстан» қарапайым қыздар өзінің жұлдызын жаға алатын жоба болуы керек. Ал бізде тіпті бойы кішкентай болса да модель болып жүргендер бар», — деді ол.

Бұл пікір әлеуметтік желілерде кең таралып, бірқатар қолданушылардың қолдауына ие болды. Жобаның шынайылығы мен іріктеу критерийлерінің әділеттілігі қызу талқылануда.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы жуырда өзінің Instagram парақшасында жаңа жоба туралы ақпарат бөлісті. Продюсер «Алтын ханым-2025» шоуына кастинг ұйымдастырып, үш мыңнан астам қатысушы арасынан 27 әйелді таңдап алғанын жария етті.

Баян Мақсатқызының жобалары әрдайым қоғам назарын аударады. Алайда бұл жолы сын-пікірлер жобаға деген сенімнің төмендеуін көрсетіп отыр. Қарапайым халық арасында танылғысы келетін жастардың пікірін де ескерген жөн болар.

 
@beautyhair.01Что касается Баян Максаткызы, она всегда даёт советы девушкам. Почему бы ей не попросить девушек, которые занимаются обычной работой, участвовать в таком конкурсе — ведь они тоже могли бы принять участие? Вот что я хотела сказать.♬ Headlock - Imogen Heap

Похожие материалы

«Конкурсқа қатысу ақылы»: қалталы қыздар мен танымал блогерлерді жағалаған Баян Мақсатқызы сынға қалды · Todayinfo