Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Күтпеген сыйлық болды»: Динара Сәтжанның қазіргі күйеуі академик Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді

Қазақстандық танымал математик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне ерекше сый жасаған кәсіпкер Жұмабек Жанықұл оған жаңа автокөлік тарту етті, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, сыйлық ретінде ға

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Күтпеген сыйлық болды»: Динара Сәтжанның қазіргі күйеуі академик Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді
Қазақстандық танымал математик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесіне ерекше сый жасаған кәсіпкер Жұмабек Жанықұл оған жаңа автокөлік тарту етті, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, сыйлық ретінде ғалымға Hyundai Palisade көлігі табысталған. Бұл тосынсый мерейтой құрметіне арнайы ұйымдастырылған.
"Қазақтың тірі қазынасының бірі, ардақты ұстазымыз Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды. Осы мерейтойына орай Жұмабек Жанықұлов ағамыз ерекше тосын сый жасап, ағамызға Hyundai Palisade автокөлігін мінгізді", - деп жазды Сырымбек Тау.
Желі қолданушылары мен әріптестері Асқар Жұмаділдаевты мерейтойымен құттықтап, оның ғылымға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Көпшілік белгілі математикке денсаулық, ұзақ ғұмыр және жаңа жетістіктер тіледі. Айта кетейік, Жұмабек Жанықұлов журналист, тележүргізуші Динара Сәтжанның қазіргі күйеуі.

Похожие материалы

«Күтпеген сыйлық болды»: Динара Сәтжанның қазіргі күйеуі академик Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді · Todayinfo