Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Куандық Бишімбаевтың әкесі университет ашпақшы - министрлік жауап берді

Жақында әлеуметтік желілерде сотталған Куандық Бишімбаевтың әкесі Тараз қаласында жекеменшік университет ашуды жоспарлап отыр деген ақпарат тарады. Алайда, Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Министрлік өк

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Куандық Бишімбаевтың әкесі университет ашпақшы - министрлік жауап берді
Жақында әлеуметтік желілерде сотталған Куандық Бишімбаевтың әкесі Тараз қаласында жекеменшік университет ашуды жоспарлап отыр деген ақпарат тарады. Алайда, Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Министрлік өкілі Олжас Беркінбаев бұл мәселеге байланысты ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, "Білім туралы" заңға сәйкес, жоғары оқу орындары лицензиясыз білім беру қызметін жүзеге асыра алмайды.
« Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметі міндетті түрде лицензиялануы тиіс. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес, лицензиясыз қызмет көрсетуге тыйым салынады», – деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, “е-лицензиялау” ақпараттық жүйесінде Bishimbayev University оқу орнына қатысты ешқандай өтінім тіркелмеген. Министрлік бұл оқу орнының білім беру қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарды.    

Похожие материалы

Куандық Бишімбаевтың әкесі университет ашпақшы - министрлік жауап берді · Todayinfo