Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды, — делінген ҚМА хабарламасында.Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
«Lamborghini, Cadillac Escalade, қымбат пәтер, асыл тұқымды жылқылар»: Шығыс Қазақстанда депутат аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: видео скриншот ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрг

Фото: видео скриншот
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілердің қатарында «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар.
Аталған жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын.
— Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам адам тұратын жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген.
Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Олар байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Похожие материалы

Новости
За два месяца КНБ добился осуждения 13 человек по террористическим и экстремистским статьям
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Астане пресечена схема незаконного оформления ИИН иностранцам
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанада ЖСН “саудасы”: шетелдіктерге құжат заңсыз жасалған
Жаннұр Еділбаева·

Новости
13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы
Жаннұр Еділбаева·