Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Лукашенко мен Трамп келісімі: Беларусь 100-ден аса тұтқынды босатты

Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ басшысы Дональд Трамптың жеке өтінішімен және екіжақты келісім аясында 123 саяси тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл маңызды шешім Вашингтон Беларусьтің экономикалық тынысын тарылтқан калий тыңайтқыштарына қатысты санкцияларды алып тастаған

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Лукашенко мен Трамп келісімі: Беларусь 100-ден аса тұтқынды босатты

Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ басшысы Дональд Трамптың жеке өтінішімен және екіжақты келісім аясында 123 саяси тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл маңызды шешім Вашингтон Беларусьтің экономикалық тынысын тарылтқан калий тыңайтқыштарына қатысты санкцияларды алып тастағаннан кейін бірден қабылданды.

Түрмеден кімдер босап шықты?

Соңғы уақыттағы шешімдерді қосқанда, бостандыққа шыққандардың жалпы саны 156 адамға жетті. Олардың қатарында Ұлыбритания, АҚШ, Литва, Украина, Латвия, Аустралия және Жапония азаматтары бар.

Ең бастысы, әлем назарында болған танымал тұлғалар түрмеден босатылды:

  • Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкий;

  • Президенттікке бұрынғы үміткер Виктор Бабарико;

  • Оппозиция көшбасшыларының бірі Мария Колесникова.

Алайда, босатылғандардың басым бөлігі Беларусь аумағында қалған жоқ. Ақпаратқа сәйкес, олар дереу елден депортацияланып, Украина арқылы Польша мен Литваға жөнелтілген. Тізімде сондай-ақ TUT.BY басылымының бұрынғы бас редакторы Марина Золотова мен «Весна» құқық қорғау орталығының өкілдері де бар.

Келісімнің астары және санкция мәселесі

Дегенмен, барлық тұтқындар Лукашенкодан кешірім сұрауға дайын болмаған. Мәселен, поляк ұлтының белсендісі және журналист Анджей Почобут босатылғандар тізіміне енбеді. Сахаров сыйлығының иегері Лукашенкоға рақымшылық туралы өтініш жазудан бас тартқан.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Джон Коулдың айтуынша, Минск пен Вашингтон арасындағы келіссөздер «өте нәтижелі» өткен.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынас қалыпқа түскен сайын, шектеулер де біртіндеп алына береді», – деді Коул.

Сарапшылар мұны экономикалық мүддемен байланыстырады. 2021 жылғы дағдарысқа дейін Беларусь калий тыңайтқыштарын экспорттаудан жылына 2,4 миллиард доллар табыс тауып отырған. Бұл ел ЖІӨ-сінің шамамен 4 пайызын құрайтын қомақты қаржы. Санкцияның алынуы Минск үшін экономикалық тұрғыдан ауадай қажет еді.

Похожие материалы

Лукашенко мен Трамп келісімі: Беларусь 100-ден аса тұтқынды босатты · Todayinfo