Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Ажырасқан әйелдермен араласпа»: Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуі бұрынғы әйеліне қысым көрсеткен

Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі қандай талап қойып, оны құрбыларының алдында ыңғайсыз жағдайға түсіргенін баяндап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ляйсираның жазуынша, Тұрсын Алагөзовпен отбасылы бол

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Ажырасқан әйелдермен араласпа»: Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуі бұрынғы әйеліне қысым көрсеткен
Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуі қандай талап қойып, оны құрбыларының алдында ыңғайсыз жағдайға түсіргенін баяндап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ляйсираның жазуынша, Тұрсын Алагөзовпен отбасылы болған кезде, ол оған қатаң талап қойған.
“Бір кезде ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғардым. Себебі күйеуім солай талап етті: “Олармен араласуға болмайды”. Ол маған ультиматум қойды: Таңда — мен бе, әлде олар ма? Мен… оны таңдадым. Сол сәтте мен өз болмысымды құрбан еттім. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзін тауып, еркін өмір сүріп жатқан құрбыларыма опасыздық жасадым. Өзім де ажырасқан соң, құрбыларымнан кешірім сұрадым. Қазір біз қайтадан араласамыз”, – деп жазды ол.

Похожие материалы

«Ажырасқан әйелдермен араласпа»: Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуі бұрынғы әйеліне қысым көрсеткен · Todayinfo