- Соңғы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын бөлінеді.
- Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда айқындалады.
- Саяси партияларды қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
- Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Мәлімет лай судан балық іздегендей»: Мемлекеттен кемі 15 млрд алған саяси партиялардың есебі қолжетімсіз
«Саяси партиялар туралы» заңның қабылданғанына биыл 15 шілдеде 23 жыл толды. Егер қолданыстағы бұл заңға көз жүгіртетін болсақ 18-бапта «Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады» деп жазылған. Алайда осы уақытқа дейін

«Саяси партиялар туралы» заңның қабылданғанына биыл 15 шілдеде 23 жыл толды. Егер қолданыстағы бұл заңға көз жүгіртетін болсақ 18-бапта «Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады» деп жазылған. Алайда осы уақытқа дейін Әділет министрлігінде ресми түрде тіркеуде тұрған 7 саяси партияның ешқайсысы жыл сайын тұрақты түрде өзінің қаржылық есебін жариялап жүрген жоқ, деп хабарлайды Todayinfo.
Тіпті бұл туралы толық мәліметті олардың ресми сайттарынан, ұлғайтқыш лупа алып іздесе де табу мүмкін емес. Өйткені онда «қаржылық есеп» деген арнайы айдарды тек «Amanat» партиясының сайтынан ғана көруге болады. Алайда онда да тек 2013-2020 жылдардағы қаржылық есептер ғана енгізілген. Оның өзі бұрынғы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің Бюросының қаулысымен бекітілген «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің кірістер мен шығыстар туралы есептері. Ал «Ақ жол» пртиясының сайтынан «Ақ жол» ҚДП-ның қаржылық қызметі туралы есебін» ғана көруге болады. Қазақстан Халық партиясы; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»; «Байтақ» партиясы; «Respublica» партиясы сайттарында мұндай есепті табу тіпті мүмкін емес. Бұған қарап олар қаржылық есебін сырт көзден құпия ұстайды деуге болады. Бұл билік органдарынан әрдайым тазалық пен ашықтықты талап етіп жүрген саяси партиялардың қызметіне еріксіз күдік тудыратыны күмәнсіз.
Егер 2009 6 ақпандағы №122-IV және 2024 жылғы 5 шілдедегі №115-VIIІ заңдар бойынша толықтырылған 18-1-бапқа қарайтын болсақ:
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·