Ынташ драмасы: өзінің тоқалын сотқа сүйреген аппарат басшысын Нұрдәулет Қилыбай орынбасар қылып алды
Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың орынбасары тағайындалды. Екі күн бос тұрған бұл лауазымға әкімнің үзеңгілес серіктесі, талай қызметте бірге жүрген Мәлік Әбдіқадыров тағайындалды, деп тәпсірлейді Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Бұған дейін Мәлік Әбдіқадыров облы

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың орынбасары тағайындалды. Екі күн бос тұрған бұл лауазымға әкімнің үзеңгілес серіктесі, талай қызметте бірге жүрген Мәлік Әбдіқадыров тағайындалды, деп тәпсірлейді Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Бұған дейін Мәлік Әбдіқадыров облыс әкімдігінде аппарт жетекшісі болды. Ол «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген.
Облыстық прокуратураның да есігін көрген. «Западная курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды.
2020-2024 жылдары – Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Қазіргі облыс әкімі мен екеуі «Өзенмұнайгаз» АҚ-да бірге жұмыс істеген. Екі серіктес Ақтау қаласының әкімдігінде де бірге жұмыс істеген. Кейін облысқа әкім болып келген Ноғаев сол кезде Әбдіқадыровты қызметінен алып тастады.
Ноғаев кеткен соң екеуі облыстық әкімдікті қайта қолдарына алды.
Еске салайық, Маңғыстау облысы мәслихатының бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова өзін аппарат басшысы Әбдіқадыров мазасын алып, сотқа сүйрегенін жазған болатын. Ынташ ол кезде облыс әкімінен ұл тапқанын, алайда кейін ұлына облыс әкімі қарамай, көмек бермей, әлимент төлемей, жарты жолдан тастап кеткенін қоғамға ашық айтты.
Сол даулы кезде бұрғынғы аппарат басшысы, қазір облыс әкімінің орынбасары болған Мәлік Әбдіқадыров Ынташ Наурызованы сотқа берді. Алайда сотта экс-тоқал жеңіп шықты.
Сондай-ақ, Ынташ Наурызова ұлының әкесі Нұрдәулет Қилыбайды да сотта жеңіп, алимент төлеуге міндеттеген еді.
Коллаж: todayinfo.kz
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·