«Шатырдағы бетон фрагмент опырылып түсті. Қазір техникалық тексеру жүріп жатыр. Қорытынды мамандардан кейін белгілі болады», – деді білім бөлімі өкілі.Егер жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталмаса, оқушыларды уақытша басқа мектептерге бөлу қарастырылып отыр. Ғимараттың кепілдік мерзімі аяқталған. Арнайы комиссия құрылды, ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Избергенов оқиға орнына барды. Қорытынды техникалық сараптама нәтижесі кейін жарияланады. https://youtu.be/3IMXTZ3V2wY
Маңғыстауда салынғанына 16 жыл ғана болған мектептің акт залының төбесі опырылып құлады
23 шілде күні таңғы сағат 6 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында шатырдың бетон бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Todayinfo Lada -ға сілтеме жасап. Оқиға жазғы демалыс кезінде болғандықтан, мектеп ғимаратында ешкім болмаған

23 шілде күні таңғы сағат 6 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында шатырдың бетон бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Todayinfo Lada-ға сілтеме жасап.
Оқиға жазғы демалыс кезінде болғандықтан, мектеп ғимаратында ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметке сәйкес, шамамен 250 шаршы метр төбе құлаған.
Мектеп 2009 жылы салынған, қазір онда 1400-ден астам оқушы білім алады. Қарақия аудандық білім бөлімі ғимараттың басқа бөліктері, яғни оқу кабинеттері, сыныптар зақымданбағанын хабарлады.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·