Todayinfo.kz
Новости

Маңғыстаудағы шенеунік 7 жылға сотталуы мүмкін: оған ауыр айып тағылды

Маңғыстау облысында бұрынғы шенеунік сотталып жатыр. Мұнайлы ауданы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына есірткі апанын ұйымдастырды деген айып тағылды.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Маңғыстаудағы шенеунік 7 жылға сотталуы мүмкін: оған ауыр айып тағылды

Ақтауда Мұнайлы ауданы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Әлібек Өтегеновтің соты басталды. Оған есірткі апанын ұйымдастырды және есірткі заттарын заңсыз сақтады деген айыптар тағылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл дау алғаш рет қыркүйек айында белгілі болған. Сол кезде полиция Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстаған, олардың екеуі мемлекеттік қызметкер болып шықты.

Ұсталғандардың бірі – аудан әкімінің орынбасары Әлібек Өтегенов, екіншісі – Атамекен ауылы әкімінің орынбасары Абзал Тастанов болған. Полиция Тастановтан апиын тәркілеген.

Әлібек Өтегеновтің ісі сотқа енді жетсе, оның әріптесіне қатысты үкім қазан айында шығып үлгерген. Сот Абзал Тастановты есірткіні заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге көлемінде айыппұл салды.

Ал Өтегеновті бұдан да қатаң жаза күтіп тұр. Егер есірткі апанын ұйымдастырғаны дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы