Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мақпал Жүнісованың қызы Мерей екінші рет көлікті болды

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне арнап қымбат сыйлық сыйлады. Ол өзінің Instagram парақшасында қуанышты сәтін бөлісіп, видео жариялады, деп хабарлайды Todayinfo . Ол Мерейге заманауи Hyundai маркалы көлікті тарту еткен. «Бұл – екінші кө

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Мақпал Жүнісованың қызы Мерей екінші рет көлікті болды
Қазақ эстрадасының танымал әншісі Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне арнап қымбат сыйлық сыйлады. Ол өзінің Instagram парақшасында қуанышты сәтін бөлісіп, видео жариялады, деп хабарлайды Todayinfo. Ол Мерейге заманауи Hyundai маркалы көлікті тарту еткен.
«Бұл – екінші көлігі. Аллаға шүкір! Бірінші темір тұлпары әлі тозбаған. Бірақ туған күніне орай жаңасын алып, бұрынғысын бауырына сыйға тартып отырмыз. 6 шілдеде туған жандарға ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Көпшілік бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, әлеуметтік желіде Мерейге ақжарма тілектерін жаудырды.
«Құтты болсын, жақсылыққа мініңдер»,
«Жаңа көлік өміріңе тек сәттілік алып келсін, жолың ашық болсын»,
«Туған күніңізбен! Мерейіңнің қуанышын бірге көріп, әрдайым жанынан табыла беріңіз», – деген тілектер жазды желі қолданушылары.

Похожие материалы

Мақпал Жүнісованың қызы Мерей екінші рет көлікті болды · Todayinfo