Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Марат Байділдаұлы Конституциялық реформаға қатысты ұлттық ұсыныстарын айтты

Жазушы-публицист Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев) Конституциялық реформаға қатысты ұлттық ұсыныстарын білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда қабылданатын жаңа Конституция ұлттық мемлекеттікті нығайтуға бағытталуы тиіс, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Автордың пікірінше,

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Марат Байділдаұлы Конституциялық реформаға қатысты ұлттық ұсыныстарын айтты

Жазушы-публицист Марат Байділдаұлы (Тоқашбаев) Конституциялық реформаға қатысты ұлттық ұсыныстарын білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанда қабылданатын жаңа Конституция ұлттық мемлекеттікті нығайтуға бағытталуы тиіс, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Автордың пікірінше, жаңа Ата заңда Қазақстан мемлекет құраушы қазақ халқының мемлекеті екені және барлық этнос өкілдерінің азаматтық құқықтары қамтамасыз етілетіні нақты көрсетілуі қажет. Сондай-ақ Конституцияда «ұлттық мемлекет» ұғымы айқындалуы маңызды.

Марат Байділдаұлының айтуынша, елде бірыңғай ұлттық идеология болуы тиіс. Ол қолданыстағы Конституциядағы «идеологиялық әр алуандылық» қағидасы ортақ идеология қалыптастыруға кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол жер қойнауындағы қазба байлықтардан түсетін табысты әрбір қазақстандықтың үлестік есепшотына бөлу қажет екенін ұсынды. Мемлекеттік тіл мәртебесін нақтылау үшін Конституцияда қазақ тіліне қатысты бір ғана норма қалдыру керек деген пікір білдірді.

Жазушы экс-президенттерді мемлекет есебінен қамтамасыз ету нормасын алып тастау қажет деп санайды. Оның айтуынша, бұл «заң мен сот алдында бәрі тең» деген қағидаға қайшы.

Сондай-ақ ол Парламентті тек партиялық тізіммен сайлау азаматтардың өзін-өзі ұсыну құқығын шектейді деп есептейді. Осыған байланысты депутаттардың кемінде 50 пайызы мажоритарлық жүйе арқылы сайлануы керек деген ұсыныс айтты.

Марат Байділдаұлы сот жүйесін де халық сайлауы арқылы қалыптастыруды ұсынды. Оның пікірінше, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар тек жалпыхалықтық референдум арқылы енгізілуі тиіс.

Похожие материалы

Марат Байділдаұлы Конституциялық реформаға қатысты ұлттық ұсыныстарын айтты · Todayinfo