Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мас ер адам автобуста кішкентай қызды ұрып жіберген

Солтүстік Қазақстан облысында мас ер адам қоғамдық көлікте 12 жастағы қыз балаға қол көтерді, деп хабарлайды Todayinfo Qazaqstan Media -ға сілтеме жасап. Оқиға 3 қазан күні кешке Петропавл қаласында №2 бағыттағы маршруттық автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам мас

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Мас ер адам автобуста кішкентай қызды ұрып жіберген
Солтүстік Қазақстан облысында мас ер адам қоғамдық көлікте 12 жастағы қыз балаға қол көтерді, деп хабарлайды Todayinfo Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап. Оқиға 3 қазан күні кешке Петропавл қаласында №2 бағыттағы маршруттық автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам мас күйінде көлікке мініп, бейәдеп сөздер айтып, жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен. Сол сәтте автобус ішінде отырған 12 жастағы қыз олардың әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін ер адамдардың бірі ашуға мініп, қыздың бетінен ұрған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылды. Қыз балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.
«Кәмелетке толмағанға қол көтерген ер адам жедел анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген ведомство хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай әрекеттер балаларға қатысты зорлық-зомбылық ретінде қаралады және заң бойынша ең қатаң жауапкершілік көзделген. Фото: скрин

Похожие материалы

Мас ер адам автобуста кішкентай қызды ұрып жіберген · Todayinfo