Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

Танымал журналист Жазира Бегалы хиджабпен мектепке барған Айдана Меденованың қызын сынады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады. “Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мек

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады
Танымал журналист Жазира Бегалы хиджабпен мектепке барған Айдана Меденованың қызын сынады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жасады.
“Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді. Тыйым қайда?! Бұл Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ. Ал қарапайым адамның баласын мектепке жолатпай, “Рұқсат жоқ” деген заңды әке-шешесінің бетіне басып, оқушыны білім ордасынан қуып шығады. Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын. Министрлікке сұрағым бар. Заң мен талап – баршаға ортақ. Атақты адамның баласына хиджаб киюге неге ешкім тыйым салмайды?! Ал қарапайым жандардың жүйкесін мұғалімдер мүжиді. Әділдік қайда?! Ата-анасы атақты балаға хиджаб киюге рұқсат беру бұл алалау емес пе?! Министрлік балалардың құқығын бұзуға неге жол берген?! Заң баршаға ортақ болу керек”, – деп жазды журналист.

Похожие материалы

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады · Todayinfo