Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

«Мемлекеттің ақшасы далаға кетіп жатыр»: Қошанов министрге шүйлікті

Мәжілісте министр Саясат Нұрбек еңбек нарығына қажеті жоқ мамандарды даярлауға бөлінген миллиардтаған қаржы туралы нақты жауап бере алмады. Ерлан Қошанов сын айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Ғылым және жоғары білім министрі

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
«Мемлекеттің ақшасы далаға кетіп жатыр»: Қошанов министрге шүйлікті

Мәжілісте министр Саясат Нұрбек еңбек нарығына қажеті жоқ мамандарды даярлауға бөлінген миллиардтаған қаржы туралы нақты жауап бере алмады. Ерлан Қошанов сын айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке еңбек нарығына қажетсіз мамандарды даярлауға бөлінген мемлекеттік қаржытуралы сұрақ қойылды. Алайда министрдің жауабы нақты болмағандықтан, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оны ашық сынға алды.

“Министр мырза, бұл өте маңызды мәселе. Депутат нақты мәселе көтеріп отыр. Мемлекеттің ақшасы далаға кетіп жатыр деген сөз. Сізден бұған анық жауап күтеміз”, – деді Қошанов.

Саясат Нұрбек жауап барысында бұл деректердің 2019–2021 жылдар аралығына қатысты екенін атап өтті.

Оның айтуынша, аталған кезеңде әдістемелік өзгерістер орын алып, 60 мың жұмыс орнына қатысты толық әрі нақты ақпарат болмаған.

“Әдістеме өзгеріп, нақты мәліметтер болмады. Сондықтан кейбір есептер толық емес”, – деп түсіндірді министр.

Министрдің жауабына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қанағаттанбады. Ол білім беру саласындағы мұндай қаржылық немқұрайлылықтың салдары – мемлекет үшін үлкен шығын екенін атап өтті.

Отырыстағы пікірталас министрліктің жұмыс берушілермен байланыс деңгейі, оқу орындарының еңбек нарығына бейімділігі және кадр даярлаудағы тиімділік мәселелерін күн тәртібіне шығарды.

Похожие материалы

«Мемлекеттің ақшасы далаға кетіп жатыр»: Қошанов министрге шүйлікті · Todayinfo