Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының басшылары “Мерке” шипажайының 180 млн теңге шығынға ұшыратқан

2025 жылдың 11 шілдесінде өтетін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ/ФПРК) XXVII съезі қарсаңында, кәсіподақтар мүлкін басқару мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков жазды ,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. «Мерке» ши

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қазақстан кәсіподақтары федерациясының басшылары “Мерке” шипажайының  180 млн теңге шығынға ұшыратқан
2025 жылдың 11 шілдесінде өтетін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ/ФПРК) XXVII съезі қарсаңында, кәсіподақтар мүлкін басқару мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі Ораз Әлімбеков жазды,деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. «Мерке» шипажайының директоры С.А. Макажановтың ресми хаты бойынша, ФПРК төрағасының кеңесшісі Б.Б. Нұрымбетовтің іс-әрекеттері кәсіподақ меншігін елеулі шығынға ұшыратқаны анықталған. Б.Б. Нұрымбетов «Манкент», «Көктем» және «Мерке» шипажайларының директорлар кеңесін басқара отырып, мынадай күмәнді шешімдер қабылдаған:
  • Тамақтандыру қызметін аутсорсингке беру
    «Radon KZ» ЖШС-мен 177,7 млн теңгеге келісім жасалып, нәтижесінде сапа төмендеп, 60 млн теңге шығын келген.
  • Жаңа ұйықтау корпусын салу
    Жобаның 22,4 млн теңгесі төленгенімен, құрылыс аяқсыз қалған.
  • Жиһаз және құрал-жабдық сатып алу
    19,88 млн теңге бөлінгенімен, кондиционерлер мен тоңазытқыштар іс жүзінде тіркелмеген.
  • Маркетинг пен цифрландыру шығыстары – 18,8 млн теңге, тиімділігі расталмаған.
  • Ауру ірі қара (24 бас) еті шипажай асханасында пайдаланылған, жалпы шығын – 7,26 млн теңге.
  • «Мердигер ЛТД» ЖШС-мен 44 млн теңгеге келісімдер жасалған, туыстық байланыс белгілері бар.
  • 0,2811 га жерді 2,5 млн теңгеге сату әрекеті мен автокөлік (Toyota Sienna, 1998 ж.) 23 050 теңгеге сатылған.
  • Директорлар кеңесінің 10,2 млн теңге көлемінде сыйақы алуы – формалды жұмыс барысында.

Жалпы залал 180 млн теңгеден асып отыр.

2018–2019 жылдары шипажайдың рентабельділігі 21%-дан 3,6%-ға дейін төмендеген. Ақша қалдығы 229,4 млн теңгеден 56,7 млн теңгеге азайған.

Алайда, басшылық ауысқаннан кейін шипажай тұрақты табыс әкеліп отыр:

  • 2020 ж. – 12 млн теңге
  • 2021 ж. – 80 млн теңге
  • 2022 ж. – 191 млн теңге
  • 2023 ж. – 103 млн теңге
  • 2024 ж. – 196,5 млн теңге

Бұл «Мерке» шипажайының экономикалық әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.

ФПРК төрағасының кеңесшісі басқарушылық өкілеттіктерге ие болмаса да, шешуші ықпал жүргізіп, негізгі нысандарға бақылау орнатқаны байқалады. Сонымен қатар,
  • Ірі акционер кеңестен шығарылған
  • Тәуелсіз директор – формалды
  • Корпоративтік хатшы – сенімді адам
  • Сот процестері арқылы қысым күшейген, 2 млн теңгеден астам қаражат адвокаттарға жұмсалған
   

Похожие материалы

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының басшылары “Мерке” шипажайының 180 млн теңге шығынға ұшыратқан · Todayinfo