Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Министр Аида Балаева қазақстандықтарға үндеу жасады

Ертең елімізде Аналар күні атап өтіледі. Бұл мереке біздің елде алғаш рет 2023 жылы енгізіліп, содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде тойланып келеді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Әлемде Ана

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Министр Аида Балаева қазақстандықтарға үндеу жасады

Ертең елімізде Аналар күні атап өтіледі. Бұл мереке біздің елде алғаш рет 2023 жылы енгізіліп, содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде тойланып келеді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Әлемде Аналар күнін атап өту тарихы 100 жылдан асады. Бүгінде мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мәртебеге ие және мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз "Жер-ана", "Отан-ана" ұғымдарымен тығыз байланысты. "Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді" дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», - деді министр.

Ол әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталды.

«Олар отбасына, балаларға қамқорлық жасайды, жаңа ұрпақты тәрбиелейді, елдің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Ұмай ана, Домалақ ана, Рабия Сұлтан Бегім, Айғаным, Зере, Ұлжан және басқа да көптеген қазақтың ұлы аналары – ана махаббаты мен қолдауы ұлы тұлғалардың мінезі мен тағдырын қалыптастыратынының жарқын мысалдар»,- деді Балаева.

Министр биыл аналар күні 11 - мамырға сәйкес келгенін атап өтті.

«Бұл күн – бізге өмір, сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлаған жандарға арналған. Ана – жылулыққа, нәзіктікке, шексіз сүйіспеншілік пен қолдауға толы бүкіл әлем. Бұл күн аналарымызбен өткізген әрбір сәттің қаншалықты қымбат екенін еске салып, оларды құрметтеудің маңыздылығын ұғындырады.

Шаңырақтарыңызда тек шаттық пен береке болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін!»- деген министр халықты кеңінен хабардар ету және аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарыңызды білдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #Анағақұрмет хэштегін пайдаланып, пост жазуды ұсынды.

Ол эстафетаны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне, мәдениет қайраткерлеріне, БАҚ, ҮЕҰ өкілдеріне, қоғам қайраткерлері мен барлық қазақстандықтарға жолдады.

Похожие материалы

Министр Аида Балаева қазақстандықтарға үндеу жасады · Todayinfo