Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мөлдір Мұқан: «Сахнада көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалған сәт болды»

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, журналист әрі жүргізуші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі жазбасында халықты терең ойға қалдырған әлеуметтік жобаға қатысу -өміріндегі күтпеген әрі жауапты кезең болғанын айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Әр түрлі тағдырлар то

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Мөлдір Мұқан: «Сахнада көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалған сәт болды»
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, журналист әрі жүргізуші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі жазбасында халықты терең ойға қалдырған әлеуметтік жобаға қатысу -өміріндегі күтпеген әрі жауапты кезең болғанын айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Әр түрлі тағдырлар тоғысқан осындай үлкен жобада жүргізуші боламын деген ой тіпті түсіме де кірмеген шығар», – дейді ол.
Мөлдірдің айтуынша, бұл жауапты рөлді оған еліміздің шоу-бизнесіндегі танымал тұлға, продюсер Баян Мақсатқызы ұсынған. Осы сәттен бастап ол ішкі толқу мен жауапкершілікті айқын сезінген.
«Таңданыстан бұрын, қорқыныш пен жауапкершілік сезімі басым болды. Сахна сыртында сезімдерім соншалықты кернеп кетті, көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалған сәттер де болды», – деп мойындады Мөлдір.
Журналист халықтың пікірін өз жұмысына берілген шынайы баға деп есептейді. Әлеуметтік желідегі қолдау мен пікірлер оған шабыт бергенін жасырмады.
«Маған сенім артқан майталмандардың үмітін ақтай алдым ба, халыққа жеткізе алдым ба – оны өздеріңіз бағалап жатырсыздар», – деп жазды ол.
Мөлдір Мұқан жобаны ұйымдастырған Баян Мақсатқызына алғысын білдіре отырып, оның идеялары мен қоғамға қосар үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, өмірлік қиындықтардан сүрінбей өтіп, өз тағдырына жауапкершілікпен қарай алған нәзік жандыларға құрметін жеткізді.  

Похожие материалы

Мөлдір Мұқан: «Сахнада көзім көрмей, аузыма сөз түспей қалған сәт болды» · Todayinfo