Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мұғаліммен төсектес болған оқушы террорист Күлекбаевтың қызы болып шықты

Мұғаліммен қонақ үйде ұсталған жасөспірім қыз белгілі қылмыскер Руслан Күлекбаевтың қызы екені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo. Қыздың анасы қызмет бабымен Алматы қаласына, нақтырақ айтсақ, Алмалы ауданына ауысуына байланысты оны да өзімен бірге жаңа мектепке ауыстырған. Қызд

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Мұғаліммен төсектес болған оқушы террорист Күлекбаевтың қызы болып шықты
Мұғаліммен қонақ үйде ұсталған жасөспірім қыз белгілі қылмыскер Руслан Күлекбаевтың қызы екені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo. Қыздың анасы қызмет бабымен Алматы қаласына, нақтырақ айтсақ, Алмалы ауданына ауысуына байланысты оны да өзімен бірге жаңа мектепке ауыстырған. Қыздың ата-анасы бірнеше жыл бұрын ажырасқан, ал әкесі Руслан Күлекбаев қазір өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Айта кетейік, Руслан Күлекбаев 2016 жылы Алматыда сегізі полиция қызметкері болатын 10 адамды атып өлтірген. Сол қылмысы үшін ол бастапқыда өлім жазасына кесілгенімен, Қазақстандағы өлім жазасына жарияланған мораторийге байланысты өмір бойына түрмеге қамалған. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен домбыра үйірмесінің жетекшісі ұсталғаны хабарланған еді. Бұл оқиға 6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылындағы қонақ үйлердің бірінде анықталған. Полиция рейді кезінде күдікті мен қыз бір бөлмеде болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Дереккөз: Orda.kz 

Похожие материалы

Мұғаліммен төсектес болған оқушы террорист Күлекбаевтың қызы болып шықты · Todayinfo