Мұхамеджан Тазабек Иманғали Тасмағамбетовтен 4 жыл бойы қорқып жүрген
Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында өткен күндерден сыр шертетін естелігімен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ол жазбасында 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай өткен үлкен іс-шарада премьер-мини

Қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желідегі парақшасында өткен күндерден сыр шертетін естелігімен бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ол жазбасында 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай өткен үлкен іс-шарада премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовпен арада болған қызықты әрі шиеленісті сәтті еске алған. Тазабек сол кезде Президенттік оркестрде қызмет етіп, концертті ашатын ақын ретінде сахнаға шығуы керек болғанын айтады.
Естелікке сүйенсек, концерттің басты дайындығы кезінде Иманғали Тасмағамбетов ақынның сақалына қатысты ескерту жасап, «сақалыңды алып тастайсың ба?» деп сұрайды. Мұхамеджан сақалын алғысы келмей, принципке барып, «өлеңімді басқа біреу айтсын» деп жауап қайтарған. Бұл шешімі айналасындағыларды алаңдатады: Ермек Серкебаев сынды үлкендер «Имекең сені аямайды, қырына түстің» деп қорқытып, ақынның ішінде үрей пайда болғанын жасырмайды. Ол тіпті «ренжісе, Фариза апамды ортаға саламын» деп ойлап, қатты қауіптенгенін жазады.
Алайда, 2005 жылы кіші қажылықта Иманғали Тасмағамбетовпен кездескенде, ағасының еш реніші жоқ екенін байқайды. Керісінше, мейірімді әңгімелесіп, елдік тақырыпқа тартады. Мұхамеджан еркелеп, «Аға, сіз маған ренжіп едіңіз ғой» деп еске салғанда, Иманғали таңғалып, «Мұқаш, осы қашан ел боламыз? Ағалардың титтей балаға үрей салуы несі?» деп бас шайқаған. Ол «осындай төмен әңгіме мен пендешіліктен алыс болыңдар» деп ақылын айтып, ақ пейілін көрсеткен.
Тазабек жазбасын өмірлік ойлармен түйіндеп, қоғамдағы бос сөз, ғайбат пен дау-дамайдың ысырап екенін атап, тыныш өмір сүрудің маңызын еске салды: «Саясатты Тоқаевқа, дінді имамдарға тапсырып, сүйікті ісіңмен айналысқанға не жетсін?» деп сөзін аяқтаған.
Бұл жазба оқырмандарды өткен күндердің қызықты оқиғаларымен қатар, рухани толғаныстарға жетелейді.
Похожие материалы

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·