Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Мұхамеджан Тазабек  Мақпал Жүнісоваға беташар жасағанын айтып, Нұрқаділовті есіне алды (ВИДЕО)

Танымал айтыскер ақын әрі медиа менеджер Мүхамеджан Тазабек марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовке қатысты естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды  Todayinfo. «Мақпал Жүнісованың бетін ашқаным рас. Ол кезд

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Мұхамеджан Тазабек  Мақпал Жүнісоваға беташар жасағанын айтып, Нұрқаділовті есіне алды (ВИДЕО)
Танымал айтыскер ақын әрі медиа менеджер Мүхамеджан Тазабек марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовке қатысты естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мақпал Жүнісованың бетін ашқаным рас. Ол кезде жас келін оқтау ұстап, иіліп тұрған жоқ. Біз тек ырымын жасадық. Марқұм Заманбек ағамыз өте көп көмектесті. Қарасай батырдың 300 жылдық мерейтойында маған “Волга” мінгізді. Елге деген құрметі мен өнерге деген жанашырлығын көрдік. Үйінде талай рет қонақ болдық», – деді ол.
Мүхамеджан Тазабек өз сөзінде қоғамдағы әділетсіздіктер мен азаматтарға төнетін қауіптер жайлы да ой қозғады.
«Кейде шын шырылдағаныңның өзі қазаққа керек пе деп ойлаймын. Алтынбек пен Заманбек ағаларымыздың қайтыс болғанынан гөрі, тірі жүргені пайдалы емес пе?! Жалпы, біздің қоғам сені өлімге қиып жіберетінін сезіну керек. Кейде азаматтарға “Байқаңдаршы” деп сақтандырып отырамын», – деді ол.
Сондай-ақ, ақын Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты нақты болжам айту мүмкін еместігін де атап өтті. «Мен Заманбек ағамыздың өлімін тап басып ештеңе айта алмаймын. Неше түрлі оқиғалар болады. “Мына адам атты” деп тап басып, айта алмаймыз. Шындықтың бәрі ақыретте ашылады», – деп қорытындылады ол.    

Похожие материалы

Мұхамеджан Тазабек  Мақпал Жүнісоваға беташар жасағанын айтып, Нұрқаділовті есіне алды (ВИДЕО) · Todayinfo