"1993 жылы егемен Қазақстанның алғашқы Ата заңы бекітілді, мемлекетіміздің конституциялық құрылымы айқындалды. Бірақ көп ұзамай жаңа тарихи ахуалға сай келетін жаңа Конституция қабылдау қажет болды. Осыған орай, арнайы кеңес құрылды, оған бір топ белгілі отандық заңгер мүше болып, белсенді жұмыс жүргізді. Шетелден шақырылған сарапшылар да осы маңызды іске атсалысты. Ата заңымыздың жобасын талқылауға миллиондаған азамат қатысты, мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Конституция туралы айтқанда, тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет. Ол Конституция қабылданған кезде мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды", – деп мәлімдеді Тоқаев.Фото: Егемен Қазақстан
Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атап, оның Конституция қабылданған кездегі еңбегіне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атап, оның Конституция қабылданған кездегі еңбегіне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданар кезде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
Похожие материалы

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·