Нұрай трагедиясы: қапыда қаза тапқан қызды кіналаған полицияға іс қозғалды
Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты видеоны сыртқа таратқан полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нурай Серікбайдың қатысуымен т

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты видеоны сыртқа таратқан полицейдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нурай Серікбайдың қатысуымен түсірілген видео тараған болатын. Болжам бойынша, оны Шымкент қаласының бұрынғы полиция қызметкерлері жариялаған. Кадрларда Нурай өзін күштеп алып кетпегенін, сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын және оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.
Сонымен қатар, кейбір экс-полицейлер БАҚ-қа берген сұхбатында өздерінің жұмыстан босатылуын әділетсіз деп бағалаған.
29 қаңтар күні Сенат кулуарында журналистер Игорь Лепёхадан полицейдің мұндай әрекетке құқығы бар-жоғын сұрады.
«Мұндай әрекетке құқығы болған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Барлығына құқықтық баға беріледі», – деді ол.
Похожие материалы

Новости
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·