Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының жұмысын қатаң сынағаннан кейін Шымкент полициясында кадрлық өзгерістер басталған.
Egovpress Telegram-арнасы қызметінен қуылған бірқатар жоғары лауазымды полиция қызметкерлерінің аты-жөндерін жария етті.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл шешім Ішкі істер министрлігі жүргізген тәртіптік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған. Комиссия нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шара қолданылғаны айтылуда.
Қызметінен шеттетілгендер:
Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы – Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы;
Құрманбек Сахов Сатынбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;
Қалдарбеков Асылжан Оспанұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары;
Жұмағұл Қуаныш Сағыналыұлы – Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығы;
Бекбердиев Өмірбек Жамалбекұлы – Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.
Фото: Polisia.kz



