Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нұрлан қажы Байжігітұлы: «Әйелдерге әрқашан көп ақша керек, риза болмауы – табиғатынан»

Белгілі дін өкілі Нұрлан қажы Байжігітұлы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында отбасылық өмірге қатысты қойған сұраққа жауап беріп, желіде дау туғызды. Имамның әйелдер туралы айтқан пікірі қоғамның әртүрлі көзқарастағы талқылауына себеп болды, деп хабарлайды Todayinfo.&nbsp

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Нұрлан қажы Байжігітұлы: «Әйелдерге әрқашан көп ақша керек, риза болмауы – табиғатынан»
Белгілі дін өкілі Нұрлан қажы Байжігітұлы әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында отбасылық өмірге қатысты қойған сұраққа жауап беріп, желіде дау туғызды. Имамның әйелдер туралы айтқан пікірі қоғамның әртүрлі көзқарастағы талқылауына себеп болды, деп хабарлайды Todayinfo.  Эфир кезінде көрермендердің бірі: «Әйелі күйеуінің тапқан ризығына риза болмаса, ол әйелмен не істеу керек?» – деген сұрақ қойған. Бұл сауалға Нұрлан қажы Байжігітұлы:
«Ештеңе істеудің қажеті жоқ. Әйел өмір бойы риза болмайды. Ұрып, тепкілеп, ажыраса беру дұрыс па? Әйелге көп ақша керек. Қымбат тон, бриллиант алғысы келеді. Бұл – табиғи құбылыс. Бұған дейінгі ұлы тұлғалардың әйелдері де сондай болған», – деп жауап берді.
Имамның айтуынша, әйел адамның көп сөйлейтін мінезі де жаратылысынан берілген қасиет.
«Әйел сөйлейді, өйткені Құдай оны солай жаратқан. Аузына келгенін айтады. Оны тоқтату мүмкін емес. Ер адамдардың өздері ұрысып жатқанда 'қатынсың ба?' деп айтып жатады. Сондықтан әйел сөйлейді, еркек тыңдайды», – деді ол.
Сөзінің соңында Нұрлан қажы Байжігітұлы ер азаматтарға отбасылық кикілжің туындаған жағдайда сабыр сақтау керектігін айтты. Оның пікірінше:
«Ер адам үйден шығып, біраз сыртта серуендеп, сабасына түскен соң қайта келіп, әйеліне жылы сөз айтуы тиіс: ‘Жаным, күнім’ деп көңілін ауласа, отбасындағы үйлесім қалпына келеді».
Имамның бұл пікірі әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырды. Бірі оны шынайы әрі тұрмыстық ақиқатты айтқан десе, енді бірі әйелдердің абыройына нұқсан келтіретін көзқарас ретінде сынап жатыр. Гендерлік теңдік пен әйел құқығы мәселесін көтеріп жүрген ұйымдар бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдіруде.  

Похожие материалы

Нұрлан қажы Байжігітұлы: «Әйелдерге әрқашан көп ақша керек, риза болмауы – табиғатынан» · Todayinfo