Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды - БАҚ

Ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. SHOT басылымының мәліметінше, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған. Хабарламада стендап-әр

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды - БАҚ
Ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. SHOT басылымының мәліметінше, Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған. Хабарламада стендап-әртіс Дубайдан ұшып келіп қонғаннан кейін Мәскеудегі Внуково әуежайында ұсталғаны айтылады.
“34 жастағы комик Fly Dubai рейсімен елордаға ұшып келген. Ол Әмірліктерге автокөлік компаниясының жарнамасын түсіруге барған. Паспорттық бақылаудан өту кезінде Сабуровты бөлек бөлмеге алып кіріп, Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы құжат табыстаған”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Екатеринбург, Омбы, Нижний Тагил, Обнинск, Қорған, Рязань және Обнинск секілді Ресейдің бірнеше қаласында Сабуровтың концерттері өтпейтін болған еді. Ұйымдастырушылар мұны “қарсы тұруға болмайтын жағдайларға” тап болғанын түсіндіріп, көрермендерге билет ақшасы 180 күн ішінде қайтарылатынын уәде еткен. Telegram-дағы Baza арнасының деректеріне сәйкес, Сабуровқа Ресейге кіруге ол бұған дейін құқықбұзушылықтар жасағандықтан және Украинамен қақтығысқа қатысты сыни пікірлер айтқандықтан, тыйым салынып отыр. Тыйым 30 қаңтардан бастап күшіне енгені айтылады.
“Мұндай шешім СВО-ны сынауы, көші-қон және салық заңнамалары бұзылғандықтан қабылданды”, – деп жазады басылым.

Похожие материалы

Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды - БАҚ · Todayinfo