Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Нұржамал Үсенбаева өміріндегі ең әсерлі сәтті бөлісті

Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева жолдасы, композитор Төлеген Мұхамеджановпен бірге «1001 түн» бағдарламасына қатысып, шығармашылық жолындағы маңызды сәттердің бірі туралы естелік айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әншінің айтуынша, ол с

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Нұржамал Үсенбаева өміріндегі ең әсерлі сәтті бөлісті
Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева жолдасы, композитор Төлеген Мұхамеджановпен бірге «1001 түн» бағдарламасына қатысып, шығармашылық жолындағы маңызды сәттердің бірі туралы естелік айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Әншінің айтуынша, ол студент кезінде Абай атындағы опера және балет театрының 50 жылдығына орай қойылған «Қыз Жібек» операсында басты рөлді сомдаған. Бірнеше үміткердің ішінен дәл сол бейнеге таңдалып, сахнада өнер көрсету бақыты бұйырған.
«Ол кезде мен үшін үлкен арман орындалғандай болды. Бірнеше әнші арасынан мені таңдағаны – басыма бақ қонған сәт деп есептеймін», – дейді Үсенбаева.
Ғабит Мүсіреповтің батасы – өнер жолындағы үлкен қолдау Әнші үшін бұл қойылымның тағы бір естен кетпес сәті – залда көрермендер арасында Ғабит Мүсіреповтің өзі отырғаны болды. «Спектакль аяқталған соң сахна артына өтіп, барлығымызды құттықтап келді. Сол жерде менің маңдайымнан сүйіп: “Менің Қыз Жібегім осындай болуы керек”, – деп өз батасын берді. Бұл – менің шығармашылық өмірімдегі ең бағалы естелік», – деп тебірене әңгімеледі әнші.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Похожие материалы

Нұржамал Үсенбаева өміріндегі ең әсерлі сәтті бөлісті · Todayinfo