Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Өркен Кенжебек: Жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттерді құптамаймын

Танымал блогер әрі журналист Өркен Кенжебек жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттер туралы өз пікірін Әйкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты. Ол мұндай некеге қолдау білдірмейтінін жасырмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Жігіттердің өзінен жасы үлкен қызға үйлен

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Өркен Кенжебек: Жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттерді құптамаймын
Танымал блогер әрі журналист Өркен Кенжебек жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттер туралы өз пікірін Әйкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты. Ол мұндай некеге қолдау білдірмейтінін жасырмады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Жігіттердің өзінен жасы үлкен қызға үйленіп жатқаны ұнамайды. Дайын асқа тік қасық секілді. Өмірлік тәжірибесі мен тұрмыстық жағдайы жоғары адамға не қосасың?» – деді ол.
Өркен Кенжебектің айтуынша, мұндай некелердің артында көбінесе материалдық мүдде мен өмірлік дайын жағдайға ұмтылу секілді факторлар тұрады. Ол ерекше жағдайларды — мысалы, Алла Пугачева мен Максим Галкин арасындағы некені — махаббатпен байланыстыруға болатынын айтты. Бірақ қалған жағдайларда, бұл — «сепарацияның дұрыс жүрмеуінің белгісі» дейді.
«Жігіт өзінің еңбекпен келетін жауапкершілігінен қашып, дайынға талпынуы — ер азаматқа тән емес әрекет», — дейді блогер.
Өркен Кенжебек сұхбатта өз жарының өзінен 7 жас кіші екенін айтты. Әйелі оны алғашында «Өркен аға» деп атаған, кейін арадағы ресмилік азайып, олар жақын қарым-қатынас орнатқан.
«Ол менің блогымның оқырманы болған, 2011 жылы өзі бірінші болып жазды. Мені ер азамат ретінде емес, шығармашылығым арқылы бағалағаны — жүрегіме тиген сәт», — деді блогер.
Өркен Кенжебек некеге жеңіл қарауға болмайтынын да атап өтті. Оның пікірінше, махаббатқа ғана емес, өмірлік ұстанымдар мен ортақ құндылықтарға негізделген шешім қабылдау маңызды.
«Мен де әйелімді таңдағанда тек сезіммен емес, ақылмен қарадым. Қандай адаммен өмір сүретінімді саралап, ойланып барып үйлендім», — дейді ол.
 

Похожие материалы

Өркен Кенжебек: Жасы үлкен әйелге үйленетін жігіттерді құптамаймын · Todayinfo