Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Өскеменде қарауылдағы сарбаз өзін атып өлтірді

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды. Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған. «Аталған ф

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Өскеменде қарауылдағы сарбаз өзін атып өлтірді

23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды.

Әскери қызметші өткен жылдың сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді»,- деді ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Арынғали Акишев.

Қарулы күштердің Құрлық әскерлері баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен комиссия жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің басшылығы марқұмның отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетеді.

Фото: Depositphotos.com

Похожие материалы

Өскеменде қарауылдағы сарбаз өзін атып өлтірді · Todayinfo