Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Оксфорд университетіне түскен қазақ қызы қуанышымен бөлісті

Қазақстандық Меруерт Бижанова әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетіне докторантура бағдарламасы бойынша оқуға қабылданды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Меруерттің айтуынша, Оксфорд университеті 2025 жылғы жаһандық рейтингте бірінші орынға ие болған.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Оксфорд университетіне түскен қазақ қызы қуанышымен бөлісті
Қазақстандық Меруерт Бижанова әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетіне докторантура бағдарламасы бойынша оқуға қабылданды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі Меруерттің айтуынша, Оксфорд университеті 2025 жылғы жаһандық рейтингте бірінші орынға ие болған. Бұл білім ордасы тек тарихи маңызымен емес, сонымен қатар ғылыми жаңалықтары, көрнекті түлектерімен де танымал.
«Мен Оксфордқа докторантураға түстім. Әлемдегі ең беделді, ең үздік университет. Ол 2025 жылғы рейтинг бойынша ТОП-1 орында тұр», – дейді ол.
Оксфорд университетінде әйгілі физик Стивен Хокинг білім алған. Сонымен қатар, Гарри Поттер фильмінің кейбір көріністері дәл осы университет қабырғасында түсірілген. Ғасырлар бойы адамзаттың дамуына ықпал еткен идеялар дәл осы жерде туындаған. Меруерт атап өткендей, бұл университет Нобель сыйлығының лауреаттарын, премьер-министрлерді, философтар мен жазушыларды тәрбиелеген. Оксфорд тек білім емес, үлкен жауапкершілік пен ізгілік мектебі ретінде де бағаланады.        
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Meruyert Bizhanova|Студентка Лиги Плюща (UPenn)🇺🇸 (@aqmeru)

Похожие материалы

Оксфорд университетіне түскен қазақ қызы қуанышымен бөлісті · Todayinfo