Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
Фото: ҰОК Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Іс матери

Фото: ҰОК
Павлодар соты Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қол көтерген спортшыны кінәлі деп тану туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбайға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды.
Іс материалдарында айыпталушының биыл қыркүйек айында Ұлттық ұланның үш әскери қызметкеріне күш қолданғаны айтылады. Кешкі сағат 21.00 шамасында дәмхана маңында тоқтатқан патрульдердің сұрақтарына балағат сөзбен жауап беріп, күш көрсеткен.
Атап айтқанда біреуін кеудесінен итерсе, наряд бастығын иығынан қағып жіберген.
Ал үшіншісінің көзінен ұрған.
Павлодар қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Дәулет Шабанбай жазасын орта қауіпсіздікке ие мекемеде өтейтін болады.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·