Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл спорттық жетістігіне қарамастан, қарыздан құтылу үшін базарда қосымша табыс табуға мәжбүр болған. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Ақырыс Сейтқазы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, Жа
Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл спорттық жетістігіне қарамастан, қарыздан құтылу үшін базарда қосымша табыс табуға мәжбүр болған. Бұл туралы белгілі спорт журналисі Ақырыс Сейтқазы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo.
Оның айтуынша, Жазира Жаппарқұл ArtSport мемлекеттік бағдарламасы аясында 20 миллион теңгеден астам қарызға батып, оны өтеу үшін базарда тойбастар мен бесік жабдықтарын сатуға көшкен. Негізгі жұмысы – спорт мектебіндегі жаттықтырушы қызметі үшін айына алатын 350 мың теңге жеткіліксіз.
Жазираның базардағы жұмысы туралы мәлімет тараған соң, Шымкент қалалық спорт басқармасы тарапынан қысым күшейе түскен. Басқарма өкілдері оған: «Базарда істейтін болсаң, спорт мектебіндегі орныңды босат» деген талап қойған.
Спортшы мемлекеттік бағдарламадан алған спорттық құрал-жабдықтарының бір бөлігін арзан бағаға, енді бірін тегін таратып берген. Қалған татами мен кілемдер қорада шаң басып тұр.
Ақырыс Сейтқазының айтуынша, елімізде бапкерлердің жалақысы төмен, көбісі қосымша жұмыс істеуге мәжбүр: такси жүргізу, бірнеше залда жұмыс істеу – күнделікті жағдайға айналған.
«Жазира Жаппарқұл – Олимпиададан жүлде алған санаулы қазақ қыздарының бірі. Осындай қарапайым спортшыны қолдаудың орнына, неге қыспаққа алдыңдар, шымкенттіктер? Спорт министрі де бұл мәселені назарға алып, шешуге атсалысуы қажет», – дейді журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от @sportbugin