Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Олжас Сүлейменовтің Нобель сыйлығына кандидатурасын шетелдік елдер қолдады

Қазақстандық жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын бірқатар елдің «жасылдар» партиялары қолдады. Бұл бастаманы «Байтақ» жасылдар партиясы көтерген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Партия төрағасы Азаматхан Әмір

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Олжас Сүлейменовтің Нобель сыйлығына кандидатурасын шетелдік елдер қолдады

Қазақстандық жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын бірқатар елдің «жасылдар» партиялары қолдады. Бұл бастаманы «Байтақ» жасылдар партиясы көтерген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Партия төрағасы Азаматхан Әміртай бұл туралы партияның республикалық съезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Сүлейменовтің кандидатурасын Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Финляндия және Швеция елдеріндегі «жасылдар» партиялары қолдап отыр.

«Біз кезең-кезеңімен әрекет етеміз. Алдымен Нобель комитетіне ресми хат жолдадық. Ендігі қадам – түрлі елдердегі беделді тұлғалар мен ұйымдардың қолдауын жинау», – деді Азаматхан Әміртай.

Партия төрағасы Олжас Сүлейменовтің дәл осы сыйлыққа лайық деп танылуының себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, жазушының ядролық сынақ полигондарын жабу жолындағы жаһандық деңгейдегі еңбегі бейбітшілік саласындағы айрықша үлес болып саналады.

«Бұл – ядролық қарусыздану мәселесін халықаралық деңгейде көтерген қазақ. 1991 жылы Нью-Йоркте өткен митингілерде “Қазақстанның тәжірибесінен үйренейік” деген ұрандар жазылған плакаттар болды. Америкалықтардың қазақ елінен үлгі алуға шақырғанын елестетіп көріңіз», – деді ол.

Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы шешім Алматы қаласында өткен партия конференциясында қабылданған. Ал 2025 жылғы 19 желтоқсанда өткен «Байтақ» жасылдар партиясының республикалық съезінде ұйымның 110 мың мүшесі бұл бастаманы бірауыздан қолдады.

Нобель комитетіне жолданған ресми хат пошта арқылы жіберілген.

Похожие материалы

Олжас Сүлейменовтің Нобель сыйлығына кандидатурасын шетелдік елдер қолдады · Todayinfo