Оралда бас сәулетші 92 млн теңге пара алғаны үшін сотталды
Орал қаласының сәулет басқармасының бұрынғы басшысы Мұратбек Тәшенбаев пен оның екі әріптесі пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану қылмыстары бойынша сотталды,деп хабарлайды Todayinfo. Мұратбек Тәшенбаев (33 жаста) – басқарма басшысы, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Нұрс

Орал қаласының сәулет басқармасының бұрынғы басшысы Мұратбек Тәшенбаев пен оның екі әріптесі пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану қылмыстары бойынша сотталды,деп хабарлайды Todayinfo.
Мұратбек Тәшенбаев (33 жаста) – басқарма басшысы, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрсұлтан Ғатау (27 жаста) – бас маман, 3 жыл 6 айға сотталды.
Асылжан Купбаев (41 жаста) – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу нәтижесінде, Тәшенбаев пен Ғатаудың әрекеттерінен мемлекетке 92 миллион теңге көлемінде залал келгені анықталды.
Сотталғандар үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірді. Қазіргі таңда шағымды қарау мерзімі әлі белгіленген жоқ.
Похожие материалы

Новости
В Семее утонул 8-летний ребенок: спасатели заявили о сорванном предупреждающем знаке
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Көкшетаудағы құрылыс алаңында 18 жастағы жігіт қаза тапты
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бурабай мен «Семей орманында» өрт шықты
Жаннұр Еділбаева·