Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Оразаның қағидаларын қаперге алмау ауру тудырады — дәрігер

Рамазан айында оразаның қағидаларын дұрыс сақтамау ауруға ұшыратады. Белгілі дәрігер мұсылан қауымына маңызды кеңес айтты, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Дәрігер қарапайым, бірақ аса маңызды кеңес айтты. Қағиданы қаперге алмау кесел тудырады, сәресіне селсоқ қарау қауіпті сейі

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Оразаның қағидаларын қаперге алмау ауру тудырады — дәрігер
Рамазан айында оразаның қағидаларын дұрыс сақтамау ауруға ұшыратады. Белгілі дәрігер мұсылан қауымына маңызды кеңес айтты, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Дәрігер қарапайым, бірақ аса маңызды кеңес айтты. Қағиданы қаперге алмау кесел тудырады, сәресіне селсоқ қарау қауіпті сейілтпей, керісінше көбейтеді.
«Адамдар көп жағдайда сәресін ішпейді. Бұл өте қателік, себебі күні бойы жүресіз, сөйлейсіз, түрлі эмоциялар болады. Ал адамға энергия керек», — деді Бақытжан Позилов.
Оның сөзінше, сәресіне селсеқ қарау және тамақтың түрін теріс таңдау таза ауруға ұшыратады.
«Сәресіні міндетті түрде ішу керек, тамақты жеңіл, бірақ тойымды етіңіз. Ақуыз, жұмыртқа, баяу сіңетін көмірсу, сұлы ботқасы, құрма, су – ең дұрыс таңдау. Кем дегенде 1–2 стақан су ішу керек. Қуырылған, тұзды, ащы тамақ – шөлдетеді. Тек шаймен шектелуге болмайды. Ең маңыздысы, артық тамақ жемеу. Күні бойы аш боламын деп асқазанды толтыру – қате», — деді дәрігер.
Маманның сөзінше, кешке мұздай су, газдалған сусынмен ашу аса қауіпті. Бірден ауыр тамаққа бас салу теріс.
«Алдымен жеңіл сорпа немесе салат.10–15 минуттан кейін негізгі тамақты жеуге болады. Майлы тағам, ащы тамақ, тәттіні бірден жеу – асқазанға ауыр. Артық жеу – асқазан ауруына, салмақ қосуға әкеледі. Жылы суды жиі ішу керек, су ішпеу бауырды қатырып, қанды қоюлатады. Ауызашар мен сәресі кезінде теріс тамақтану денеге жау. Одан көптеген аурулар пайда болады. Денсаулық – аманат», — деді ол.
Фото: depositphotos

Похожие материалы

Оразаның қағидаларын қаперге алмау ауру тудырады — дәрігер · Todayinfo